00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қасіретті қаңтар: ІІМ тек шынайы ақпарат таратуға шақырды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қасіретті қаңтар: ІІМ тек шынайы ақпарат таратуға шақырды
ашық дереккөз

Іс-шараға ведомствоның, Алматы академиясының және Полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, БАҚ, жергілікті билік органдарының өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында соңғы уақытта сенімсіз, жалған ақпараттық контенттің өсуі байқалатыны атап өтілді. Ақпараттық шабуылдар мен жалған фактілерді тарату, арандатушылық тақырыптарды айналдыру әлеуметтік шиеленісті тудырады және ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыруға қабілетті. Бұған мысал ретінде қаңтардағы оқиғалар туралы жалған материалдарды қарастыруға болады.

Кездесуге қатысушылар ішкі істер органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы, сондай-ақ, ақпараттық шынайылық пен полицияның ашықтығы мәселелерін талқылады.

Біз деструктивті, теріс, әділетсіз, жалған ақпарат туралы айтып отырмыз. Оның еркін таралуы қоғамның бөлінуіне, сенімсіздіктің, хаостың өршуіне әкелуі мүмкін. Кейбір кәсіпқойлар өздерінің тұжырымдарын бере отырып, полицейлердің кәсібилігіне тағы да сөз тигізіп, қызметтеріне көлеңке түсіруде. Мұндай сарапшы өз саласында білікті болуы мүмкін, бірақ полицияның іс-әрекетіне қатысты ол қатты қателеседі, – деді Алматы қаласының әкімі жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі қалалық комиссияның мүшесі Айгүл Шөпшекбаева.

ІІМ Имидждік және идиологиялық жұмыс департаментінің бастығы Альбина Махамбетованың айтуынша, жалған ақпараттың теріс әсерін азайту және халықты нақты жағдай туралы толық жедел хабардар ету үшін полиция мен БАҚ арасында тығыз өзара іс-қимыл және ынтымақтастық ұйымдастырылған.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы 2 жылдан бері жұмыс істеп келеді, онда ведомствоның және оның бөлімшелерінің жұмысы туралы сенімді ресми ақпарат жарияланады. Баспасөз қызметі барлық БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста. Апта сайын Министрліктің әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде брифингтер өткізіледі. ІІМ және оның аумақтық бөлімшелерінің парақшаларына жазылушылар саны миллион адамға дейін өсті, – деп атап өтті А.Махамбетова.

Айта кету керек, қазіргі уақытта әрбір ПД, ПБ және АПБ-да фронт-офистер ашылған. Азаматтарды қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі. Учаскелік инспекторлардың тұрғындармен жалпы чаттары жұмыс істейді.

Іс-шарада БАҚ-та құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігі, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ, полиция қызметі мәселелерін жариялау талқыланды. Тараптар дағдарыстық және төтенше жағдайларды жариялау кезінде ақпараттық кеңістіктегі өзара іс-қимыл құралдарын әзірлеу қажеттігін атап өтті.