«Ақырзаманның белгісі ғой»: тойдағы жігіттің әрекеті жұрттың қызу талқысына түсті (ВИДЕО)
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бейнежазбаны қарасақ, тойда асаба ұйымдастырған ойын шартының бірі ортаға қыз болып киініп шығу болған тәрізді. Ойын қатысушысы қыздың мүсініне ұқсайтын образбен ортаға шығады.
Желі қолданушыларының көбі мұндай бейбастақтыққа асабаны кінәлауда.
«Тамаданы жауапқа тарту керек бейәдеп ойын ойнатқаны үшін. Ақырзаманның белгісі ғой», «Тойда күлдірем деп осыншама масқара болуға бола ма, қазақтың жігіттері-ау? Тамадаға бәрібір, ұят жоқ», «Асабаларды жауапқа тартып, соттау керек. Мынау сұмдық қой!» – десті оқырмандар.
Қолданушылардың енді бірі ойынға шыққан жігітке наразы.
«Анасы, қарындасы бар ма екен өзінің?», «Еркек деген намыс қайда?», «Ұсақталып барады жастар» деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді