00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Төлеубек Аралбайдың туған-туыстарына көңіл айтты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Төлеубек Аралбайдың туған-туыстарына көңіл айтты
ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбайдың дүниеден өтуіне байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Төлеубек Мұхамеджанұлы қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етті. Отандық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актерлік шеберлігімен көрермендер көзайымына айналды. Ұстаз ретінде көптеген таланттардың жолын ашты. Театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, театр және кино актері Төлеубек Аралбай дүниеден өтті