00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықтың тең жартысында ыстық су мен дұрыс әжетхана жоқ

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықтың тең жартысында ыстық су мен дұрыс әжетхана жоқ
ашық дереккөз

Мобильді интернетпен халықтың 86,9%-ы қамтылса, су тартылған үйлер саны 77,4%. 

Қоқыс жинау мен төгу жұмыстары жолға қойылған үйлер саны республикадағы үйлердің 74,3%-ы, ал орталық кәріз жүйесіне үйлердің 55,1%-ы қосылған. Ал орталық кәріз жүйесіне қосылған әжетханасы бар үйлердің саны 53,6%. 

Орталық жылумен қамтылған үйлер 50,9%, табиғи газ желілеріне қосылу көрсеткіші 48,6%. 

Кабельді телевидениеге үйлердің 44,6%-ы қосылса, үйлердің 42%-ы орталық ыстық суды пайдалана алады. 

Сонымен қатар үйлердің 38,7%-ына бекітілген интернет тартылған, 34,4%-на бекітілген телефон байланысы тартылған, 34%-ы спутниктік телевидениемен қамтылған. 

24,3% ғана газбен жылыту жүйесіне қосылса, 23,2%-ы эфирлі телеарна көре алады. 20,3%-да ғана электр пеші бар. 

Бұдан да маңызды мәселелердің бірі, халықтың 4,1%-ы медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Оның себебі елді мекеннің шалғайлығы немесе жолдың жоқтығы. Ал балалардың 80,2%-ы ғана балабақшаға бару мүмкіндігі болса, 85,3%-ның ғана мектепте оқи алатын мүмкіндігі бар. 

Интернеттің бәріне қолжетімді екені жасырын емес, бірақ сапасына байланысты сұрақ көп. Қалай дегенде де, үйлердің 99,1%-да интернетке қосылу мүмкіндігі бар. Халықтың 54,7%-да ноутбук бар екен.