00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алаяқтар Kaspi-ге байланысты жалған Telegram-ботты жарнамалап жатыр

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алаяқтар Kaspi-ге байланысты жалған Telegram-ботты жарнамалап жатыр
ашық дереккөз

Алайда, Stopfake.kz-тің жазуынша, бұл – шындыққа жанаспайтын жарнама.

Әлеуметтік желіде Telegram-ботты пайдалана отырып, адамдардың тез әрі оңай ақша табуға болатындығы туралы жарнама тарады. Оған қосылу үшін 1000 теңге төлеу керектігі көрсетіледі. Алайда, белгілі болғандай, бұл – жалған ақпарат. Сондай-ақ алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру мақсатында «Kaspi24» сөзін қолданған.

Kaspi.kz конкурстар, ұтыс ойындарын немесе сауалнамалар өткізбейді. Егер басқа парақшадан осы жайлы хабарлама немесе пост көрсеңіздер, сенбеңіздер, бұл – өтірік! Біз акциялар туралы Kaspi.kz ресми аккаунтында жариялаймыз. Ол верификацияланған және атауымыздың жанында көк белгі бар. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін күмәнді шараларға қатыспаңыздар. Kaspi қызметкерлері карта деректерін, SMS-код немесе құпия сөздерді сұрамайды. Егер біреу сізден осы ақпаратты талап етсе – бізге жазыңыздар. Біз тиісті шаралар қабылдаймыз, - деп хабарлады Kaspi.kz PR қызметі.