00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаңа жыл қарсаңында қандай қызметтер қымбаттады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңа жыл қарсаңында қандай қызметтер қымбаттады
ашық дереккөз

Шырша бағасы шамамен 17 мың, ал жасанды шырша – 22 мың теңге. Тірі шыршаға деген қызығушылық төрт есе көп. Әсіресе, Алматыда. Ал Ақтауда мүлде төмен, – дейді сарапшылар.

Мамандар, былтырғымен салыстыра отырып, жаңа жылға арналған фотосессияға қызығушылық – төрт есе, ұсыныс екі есе төмендегенін хабарлайды. Фотосессия құны, орта есеппен 17%-ға өскен. Аяз атаның қызметі былтырғыдан 30%-ға қымбат. Құттықтауға былтырғыдан 20% аз ұсыныс түскен.

Халық үйді безендіруге көбірек қызығады. "Үйге арналған жаңажылдық безендірулер" сұранысы 2020 жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті. Безендіруге, орта есеппен 4 000 теңге кетеді, – дейді мамандар.

ТОП-3 сыйлыққа "Сыйлық жиынтықтары", "Киндер сюрприздер" және "Шарлар" кірген.

Айта кетейік, бұл зерттеуге бүкіл Қазақстан бойынша биылғы және былтырғы 1-20 желтоқсан аралығындағы деректер алынған.