00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Қазақстанда қандай мамандықтар айрықша сұраныста болды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл Қазақстанда қандай мамандықтар айрықша сұраныста болды
ашық дереккөз

Жұмыс берушілердің ең көп іздеген мамандары сату (85 мыңнан аса вакансия), бухгалтерия, есеп және қаржы (35 мыңнан аса вакансия) салаларынан, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер (30 мыңнан аса вакансия) болған. Жыл қорытындысы бойынша ең танымал салалар тізіміне ақпараттық технология, құрылыс және жылжымайтын мүлік салалары да кіреді.

Жекелеген салаларды қарастыра отырып, сарапшылар үздік үштікке сатушы, бухгалтер және клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерді жатқызады. Сонымен қатар жұмыс берушілер сату менеджері, құрылысшы және көтерме сауда өкілдерін де жиі іздеген.