Еліміздегі ең парақор салалар қандай
Өңірлерге шақсақ, жемқорлық фактілерінің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 160 жағдай – былтырғыдан 8,6%-ға аз. Жемқорлық бойынша антилидерлер үштігіне елорда (145 жағдай, былтырғыдан 28,2%-ға аз) және Шымкент (128 жағдай, былтырғыдан 3%-ға аз) кірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы Ақтөбе облысында анықталды: 47 факт – былтырғыдан 42%-ға аз.
Еліміздегі барлық құқық бұзушылықтардың 35,8%-ы пара алуға қатысты болған (564 оқиға). Ең көп жасалған қылмыстарға пара алу (433 іс) және сыбайлас жемқорлық бойынша алаяқтық (161 іс) кіреді.
Жыл басынан бері Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен 921 адам ұсталған, бұл былтырғыдан 11,3%-ға аз. Оның ішінде 352 адам – пара беру, 231 адам – пара алу, 114 адам – сыбайлас жемқорлық алаяқтық, 84 адам – қызмет бабын асыра пайдалану, 73 адам – сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру фактілері бойынша ұсталды.
Қазылар сотына 921 адамның 811-інің ісі ауыстырылды. Олардың көпшілігі – Ішкі істер органдарының қызметкерлері (159 адам), әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (143 адам), Қаржы министрлігінің қызметкерлері (34 адам), Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (20 адам), Ауыл шаруашылығы министрлігіне (15 адам) қатысты адамдар.