00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Қазақстаннан 25 мыңнан астам адам көшіп кеткен

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл Қазақстаннан 25 мыңнан астам адам көшіп кеткен
ашық дереккөз

Биыл 9 айда елден 25,3 мың тұрғын көшіп кеткен, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1% көп.

Көші-қон сальдосы тұрақты теріс болып саналады: минус 18,1 мың, өткен жылғы көрсеткіш минус 11,8 мың.

Қазақстанға көшіп келген тұрғындардың басым бөлігі Маңғыстау облысына қоныстанған: 1,5 мың адам, бір жылда минус 39,8%. Иммигранттар арасында Алматы (1,3 мың адам, бір жылда минус 0,6%) және Шымкент (634 адам, бір жылда минус 5,5%) қалалары танымал болып саналады. Елге көшіп келгендердің Қостанай облысына тұрақтау көрсеткіші төмен: мұнда жыл басынан бері барлығы 7 адам барған, бір жылда минус 81,1%.

Қарағанды облысынан ең көп адам көшіп кеткен: 3,7 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 20,7% артық. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан (3,3 мың адам, бір жылда плюс 8,1%) және Павлодар (2,7 мың адам, бір жылда плюс 11,6%) облыстарынан шетелге қоныс аудару көрсеткіші жоғары.

Қызылорда облысынан шетелге қоныс аудару көрсеткіші төмен: барлығы 59 адам көшіп кеткен, бір жылда плюс 51,3%.

Биыл Қазақстанға көшіп келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан қоныс аударған: 2,5 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 10,8% артық. Екінші және үшінші орында Ресей мен Қырғызстан тұр. 

Елден көшкен тұрғындардың басым бөлігі Ресейге қоныс аударған: 21,2 мың адам немесе барлық эмигранттың – 83,6%. Үздік үштікке Германия мен Польша да енді.

Биыл 15 жастан асқан еңбекке қабілетті тұрғындар арасында Қазақстанға техникалық мамандығы бар 782 адам көшіп келген, 394 адамда экономикалық, 289 адамда педагогикалық, 227 адамда медициналық, 132 адамда заңгерлік, 91 адамда сәулет-құрылыс, 76 адамда ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша білімі бар.

Сонымен қатар елден техникалық мамандығы бар 4,1 мың адам көшіп кеткен. Сондай-ақ шетелге қоныс аударғардар арасында 2 мың адам экономикалық 1,3 мың адам педагогикалық, 699 адам медициналық, 488 адам заңгерлік, 355 адам сәулет-құрылыс, 173 ауыл шаруашылық мамандығы бойынша білім алған.