00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауа райы ескертуін елемей жолға шыққандар жауапқа тартылуы мүмкін

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ауа райы ескертуін елемей жолға шыққандар жауапқа тартылуы мүмкін
ашық дереккөз

«Қазіргі уақытта біз «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС бірлесіп, қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы ескертулерге назар аудармай, қысқы уақытта қаладан шығатын тұрғындарды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ауа райының қолайсыздығы мен ескертулерді елемей жолға шығатындар бар. Нәтижесінде, сол адамдар төтенше жағдайға тап болады. Яғни, жол қызметінің қызметкерлері боран күндері шыққан автокөліктердің иелері туралы хабарлайтын болады, одан кейін тәртіп сақшылары мұндай азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Бұл жерде басты мәселе – адамдардың қауіпсіздігі», – деді Э.Райымбеков.

Оның айтуынша, заңнамада мұндай жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан ескертулерге назар аудармайтын жүргізушілерді жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылданатын болады.