00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сот орындаушысын ұрған қазақ жазадан құтылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сот орындаушысын ұрған қазақ жазадан құтылды
ашық дереккөз

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жуырда тұрғын үйді бұзуға келген сот орындаушысына қол көтерген Мақсат Ысқақовқа қатысты «Сот орындаушыларының қызметіне кедергі келтіру» бабы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысы туралы хабарлады.

«Тергеу барысында сот орындаушысының шабуыл жасауға өзі итермелегені анықталды. Қолда бар видеоны зерттеп, қылмыстық іс материалдарына қостық», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Полицейлер аталған мән-жайға байланысты қылмыс құрамының, яғни сот орындаушысының әрекетіне кедергілердің жоқтығын айтты.

Еске сала кетсек, оқиға 4 қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының ту сыртынан келіп, қабырғасынан екі рет ұрған еді. Ал жәбірленушінің кейін өзі әлеуметттік желіде бейнеролик жариялап, өзіне қол көтерген азаматты түрмеге қамататынын айтқан болатын.