Елімізде ерекше балаларды емдеуге иттер пайдаланыла бастады
«Ерекше балалар үшін иттер ең жақсы дос болатынын көпшілік біле бермейді. Оларға басқа балалармен сөйлесу қиын. Осындайда балаларды тез баурап алатын иттер көмекке келеді. Бала мен ит бір-бірін жақсы түсінеді. Сондықтан ІІМ Алматы қаласындағы Кинологиялық орталығы арнайы түзету мектеп-интернатының балаларын қонаққа шақырды», - деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, балалар қызметтік иттермен танысып, олардың көрсетілімдеріне қатысты және иттерді басқару мен бұйрық беруді үйренді. Мұндай кездесулер үшін полиция иттері арнайы балалармен қарым-қатынас әдістерін үйренген.
«Олар қимылдарды, сөйлеу интонациясын өте жақсы сезінеді және дұрыс түсінеді. Арнайы дайындалған иттер психикалық және жүйке кернеуін жеңілдетеді, белгілі бір әлеуметтік және коммуникативті мінез-құлықты дамытуға көмектеседі. Әрбір ерекше бала ересек итпен танысуға, күшіктермен сөйлесуге, оларды тамақтандыруға және ойнауға мүмкіндік алды», - деді Нұрділдә Ораз.