00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңдай шетелдік жауапқа тартылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңдай шетелдік жауапқа тартылды
ашық дереккөз

Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар заңсыз жүретін орындарды, атап айтқанда, қонақүй, жатақхана, құрылыс нысандары, базар, вокзал, өнеркәсіп аймақтарын тексеріп шықты. Жедел-профилактикалық шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 2,5 мың факті анықталды. Соның ішінде 1 788 шетелдік, 750 ҚР азаматы және 70 жұмыс беруші жауапқа артылды. Мамандандырылған соттың шешімімен 70 шетел азаматы елден шығарылған.

Аталмыш кезең аралығында іздеу жарияланған 9 қылмыскер ұсталды. Шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі анықталып, заңсыз көші-қон ұйымдастырған 1 адам ұсталды.