00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықтың 54,5% тұмауға қарсы екпе алды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықтың 54,5% тұмауға қарсы екпе алды
ашық дереккөз

«Тұмауға қарсы вакцинация жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда шамамен 1 млн 380 мың адам немесе халықтың 54,5% егілді. Вакцинациямен республикалық көрсеткіштен жоғары қамту 7 өңірде байқалды. Оның ішінде Түркістанда тұмауға қарсы вакцинамен халықтың 85%-ы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола және Қызылорда облыстарында 60%-дан астамы, Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында 55%-дан астамы қамтылды», – деді министр. 

Оның айтуынша, халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау да үздіксіз жүріп жатыр. 

«Бірінші компонент бойынша 8 млн-нан астам адам екпе алды. Бұл вакцина алуға тиісті халықтың 70,7%-ы немесе жалпы халықтың 42,7%-ы. Екінші компонент бойынша екпе алуға тиісті халықтың 63%-ы немесе жалпы халықтың 38%-ы қамтылып, 7,1 млн адам екпе алды», – деді  Алексей Цой.