00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АҚШ балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайын

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АҚШ балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайын
ашық дереккөз

Оның айтуынша, ата-аналар вакцинаны тағатсыздана күтеді.

"Азық — түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқарма, сондай-ақ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (ОКЗ) сарапшылары алдағы аптада осы жас санаты үшін вакциналарды мақұлдау туралы шешім қабылдайды", - деді ол.

Америка басшысы билік барлық балаларға жететіндей мөлшерде вакцинаның дозасын сатып алғанын атап өтті.

Қыркүйек айында финдік Тампере университеті 6 айлық сәбилерге коронавирус вакцинасын сынақтан өткізгені туралы хабарлады. Зерттеушілер Biontech және Pfizer компаниялары жасаған Comirnaty вакцинасын сынақтан өткізген. Екі жастан асқан балалар тобы жасақталған. Қазір ғалымдар 6 айдан бір жасқа дейінгі сәбилерді іздестіріп жатыр. Барлығы 1250 сәбиге сыналады деп күтілуде.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer вакцинасы жыл соңында жеткізілетінін мәлімдеген еді.

 “Қазіргі уақытта 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау мәселесі министрліктің консультативтік органы – ҚР халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясында (ИКК) талқыланып жатыр. ИКК ұсынымын алғаннан кейін түпкілікті шешім қабылданады”, – деді вице-министр.