Қазақстанда қанша бала Pfizer екпесін ала алады
«Pfizer ең алдымен, балалар мен жүкті әйелдерге арналғанын бұған дейін де айтқан едік. Өйткені ол бұл санатқа кіретін адамдарды қорғайтын жалғыз вакцина болып тұр. Яғни, бұлар өте әлжуаз топ саналады. Мұның үстіне коронавирус жүкті әйелдерде қаншалықты ауыр өтетіндігін де білеміз. Оны дәлелдейтін мәліметтер де қолымызда бар. Қазір балалар офлайн оқуға көшті. Демек, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі айтарлықтай артып отыр. Сондықтан ең бірінші кезекте балалар мен жүкті әйелдер екпе алады», - деді ол.
Комитет төрағасы неліктен біздің ел Pfizer екпесінің 2 млн адамға жететін 4 млн дозасын сатып алу келісімін жасағанын түсіндіріп өтті.
«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінде келісімі болған кезде вакцина ала алатын 12 мен 18 жастағы 1 млн 700 мың бала бар. Ал елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам әйел босанады. Осы сандарды қосқан кезде аталған санатқа кіретін халықты вакциналауға қажетті Pfizer дозасы шығады», - комитет төрағасы.