00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде тапқаны қапқанына жетпейтіндердің бәрі пәтерге мұқтаж

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде тапқаны қапқанына жетпейтіндердің бәрі пәтерге мұқтаж
ашық дереккөз

«Өйткені нақты санат қана бағдарламаларға мұқтаж емес. Мұқтаж адамдардың көпбалалы, жетімдер, ауылдық жерлерде тұратын, қалаларға қоныс аударғысы, өмір сүргісі және жұмыс істегісі келетін адамдар дегендей әртүрлі санаттары бар. Біздің олардың қабылдаған шешіміне тыйым салуға құқығымыз жоқ. Әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кезекке тұруға да құқығы бар. Сондықтан адамдардың барлық санаттары үшін тұрғын үйге қол жетімділік тек белгілі бір санаттарда болмауы керек», - дейді Талғат Ерғалиев.

Айтуынша, экономикалық жоспарлау кәсіпорындарында жұмыс істейтін жеке сектор үшін де, мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлер үшін де бағдарламалар әзірленуі қажет.

«Тұрғын үйге мұқтаж адамдар туралы айтсақ, олардың саны шамамен 2 миллион адамды құрайды. Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретін бұл адамдарды қаржыландыру қажет. Мысалы, 5 пайыз бастапқы жарнаны қамтамасыз ететін және қалған қарызды 15-20 жыл ішінде мемлекетке төлей алатындай бағдарламаның болғаны дұрыс», - дейді ол.