Маймыл шешегі: Нигерияда қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды

Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Нигерияда маймыл шешегі вирусының таралуына байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz 24kz сайтына сілтеме жасап.
Ауруларды бақылау орталығының ақпары бойынша қауіпті инфекция бүгінге дейін 39 адамнан анықталған. Осыған байланысты билік өкілдері науқастармен байланыста болған азаматтарды шұғыл анықтау шараларын күшейтіп, дерттің кеңінен етек жаюына жол бермеуге күш салып жатыр.
Бұдан бөлек, ел азаматтарын вакциналау ісі де қолға алынған.
Айта кетейік, маймыл шешегі қазір Африканың 18 мемлекетінде өршіп тұр. Ең күрделі жағдай – Конго Демократиялық Республикасында. Ол елде шамамен 16 мың адам науқас деп танылып, 500-ден астамы көз жұмды.
Ұқсас жаңалықтар

3 қазан, 2025
Ғарышқа турист ретінде ұшатын тұңғыш қазақстандықтың есімі белгілі болды

1 қазан, 2025
Қырғызстанда өлім жазасы енгізілді

10 қыркүйек, 2025
«1,5 мың қазақстандық бар»: министрлік Дохадағы жарылысқа қатысты айтты

10 қыркүйек, 2025
«Біздің азаматтарымыз жоқ»: министрлік Непалдағы жаппай көтеріліске қатысты түсініктеме берді