Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамын таныстырды
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Министрлер кабинетінің жаңа құрамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
«Анадолы» агенттігінің жазуынша, Мемлекет басшысы Анкарадағы Чанкай резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Түркия үкіметінің жаңа мүшелерін таныстырған.
Сонымен:
Джевдет Йылмаз - Түркияның жаңа вице-президенті;
Әділет министрі - Йылмаз Тунч;
Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі - Махинур Оздемир Гөкташ;
Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі - Ведат Ишыкхан;
Қоршаған орта және урбанизация министрі - Мехмет Озхасеки;
Сыртқы істер министрі - Хакан Фидан;
Энергетика және табиғи ресурстар министрі - Алпарслан Байрактар;
Жастар және спорт министрі - Осман Ашкын Бак;
Қазынашылық және қаржы министрі - Мехмет Шимшек;
Ішкі істер министрі - Али Йерликая;
Ұлттық білім министрі - Юсуф Текин;
Ұлттық қорғаныс министрі - Яшар Гюлер;
Денсаулық министрі - Фахреттин Коджа;
Мәдениет және туризм министрі - Мехмет Нури Эрсой;
Өнеркәсіп және технологиялар министрі - Мехмет Фатих Каджыр;
Ауыл және орман шаруашылығы министрі - Ибрагим Юмаклы;
Сауда министрі - Омер Болат;
Көлік және инфрақұрылым министрі - Абдулкадир Уралоглу болды.
Айта кетейік, Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамының жұмысына табыс тіледі.