00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бас консулдық Қазақстан азаматтарынан Түркияда сақ болуды сұрады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Бас консулдық Қазақстан азаматтарынан Түркияда сақ болуды сұрады

Кеше жергілікті уақытпен 16:20-да Ыстанбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды. Осы орайда Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы отандастарымызды сақ болуға шақырды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарылыс Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде болды. Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадалары, құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр.

Ыстанбұл губернаторлығының мәліметінше, жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді.

Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.