Гонконгта маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Маймыл шешегін жұқтырған 30 жастағы ер адам Гонконгқа Филиппиннен келген. Бұған дейін ол Канада мен АҚШ-та болған, деп хабарлады Elorda.info COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегіне сілтеме жасап.
«Ер адам АҚШ - та жұқтырған деп болжанады», - делінген хабарламада.
Аурудың белгілері ер адамда тамыз айының соңында пайда болды. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр.
Маймыл шешегінің алғашқы расталған жағдайы Тайваньда маусым айының соңында анықталды. Материктік Қытай аумағында бұл вирустың жағдайы туралы әлі хабарланған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар