Ақтаудан Лондонға әуе рейсі ашылады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Air Astana компаниясының мәліметінше, осы бағыт бойынша рейс аптасына екі рет - бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Рейстер A321 LR әуе лайнерінде орындалады.
КС 901 рейсі Алматыдан сағат 10.45-те ұшып, Ақтауға сағат 13.05-те келеді. Ақтау қаласынан Лондонға ұшу сағат 14.05-те, Лондонға сағат 16.50-де ұшып келеді. Кері қарай 18.05-те ұшып, Ақтауға 04.10-да келеді. Содан кейін сағат 05.10-да Ақтаудан шығып, сағат 09.00-де Алматыға ұшып келеді. Барлық бағытта жергілікті уақыт көрсетілген. Екі жаққа билеттің ең төменгі құны экономкласта алымдарды есепке алғанда 292 844 теңгені, бизнес-класта 1 181 703 теңгені құрайды, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар