00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Таиланд билігі туристер үшін шектеулерді жеңілдетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Таиланд билігі туристер үшін шектеулерді жеңілдетті

Туристерге енді ұшуға дейін ПТР тапсырудың қажеті жоқ, ал SHA Extra Plus жүйесінің қонақүйлерінде оқшаулану мерзімі 7 күннен 5 күнге дейін қысқартылды.

Осылайша, Тайландқа сәуірден бастап кіру үшін Thailand Pass рұқсатын алып, келген кезде COVID-19 тестінен өту және мемлекетте болған бесінші күні жедел тест жасау жеткілікті.

1 мамырдан бастап ПТР тексерісі қарапайым экспресс-тестілеумен ауыстырылады деп күтілуде.

Тағы бір айдан кейін Таиланд билігі барлық шектеуді, соның ішінде вакцина алмаған шетелдіктерге арналған карантинді жоюға ниетті.