00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аустрияда COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті ететін жаңа заң күшіне енді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аустрияда COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті ететін жаңа заң күшіне енді

1 ақпанда Аустрияда 18 жастан асқан барлық адам үшін COVID-19-ға қарсы вакциналауды міндетті ететін жаңа заң күшіне енді. Әлемнің бірнеше мемлекетінде қарт адамдар мен медицина қызметкерлеріне вакциналау міндетті деген шешімдерді енгізді, бірақ Аустрия – мұндай қатаң шараларды қабылдаған ЕО-дағы алғашқы ел.

Аустрия үкіметі адам өмірін сақтап қалу және пандемияны тоқтату үшін қажет екенін айтып отыр. Аталған заң ресми түрде 2024 жылдың қаңтарында аяқталады. Бірақ ол ертерек тоқтатылуы да мүмкін. Аустрия азаматтары екпеден бас тартса, 600-ден 3600 еуроға дейін (шамамен 291 000-нан 1,7 миллион теңгеге дейін) айыппұл төлейді.

Аустриялықтардың шамамен 72 пайызы қазір коронавирусқа қарсы толықтай вакцина салғызған. Жүкті әйелдер мен денсаулығына қатысты қарсы көрсетілімі бар адамдар вакциналаудан босатылады. Бұған дейін Аустрия канцлері Карл Нехаммер бұл екпе егілмегендерге қарсы шайқас емес екенін, керісінше «вакциналау - бірге бостандықта өмір сүруіміздің ең жақсы кепілі» екенін айтқан еді.