XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық: Бектенов Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті

XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық: Бектенов Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлауынша, былтыр екі ел арасындағы өзара сауда $27,8 млрд-қа жеткен. Ал 2025 жылғы қаңтар-мамырда $9,6 млрд-қа жеткен.

«Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша біз өзара сауда көлемін $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар. Жалпы, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын шешуде ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді қызметін атап өткім келеді», – деді Олжас Бектенов.

 Олар биыл күзде Оралда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының дайындық барысына ерекше назар аударған.