Үкімет 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Бүгін, 10:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views50
Үкімет 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және өңірлердің тұрақты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен дамудың басты бағыттары негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталғанын атап өтті. Бұл – агломерациялар, моноқалалар, тіреу ауылдар және жаңа Алатау қаласы.

Құжатта әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерді азайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бүгінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 64%-ды құрады. Ал 2028 жылға қарай 70%-ға дейін өсу болжануда. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің қосатын үлесі 40%-ға дейін жетпек», - деп атап өтті Бауыржан Омарбеков.