ҚХЛ: «Барыс» бүгін Астанада «Торпедомен» кездеседі

Бүгін, 16:16
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views62
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Астанада «Торпедомен» кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 12 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 16:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездескен. Оның 14-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 13 ұпаймен 16-орынға жайғасса, «Торпедо» 17 ұпаймен 8-орында келеді.

Елордалық клуб бұдан кейін төрт ойынын Астанада өткізеді. Алдымен 14 қазанда Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен кездессе, 16 қазанда «Авангард» (Омбы), 18 қазанда «Ак Барс» (Қазан), 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) клубымен шеберлік байқасады.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Тракторға» есе жіберді.