Биыл АӨК-де 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашылады – Аманғали Бердалин


ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Үкімет отырысында аграрлық секторда жұмыспен қамтуды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды ұлғайту жөніндегі саясатты жүзеге асыру мақсатында министрлік жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың ұйымдасқан шаруашылықтарға көшуі үшін жағдай жасап жатқанын атап өтті.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жылдарында 115 млрд теңге сомасына 17 мыңнан астам шағын несие берілді, ауылда 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.
2025 жылы АӨК инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 6,3 мың тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құра отырып, 616 млрд теңге сомаға 285 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
«Алдағы үш жылда 3,4 трлн теңге сомаға 23 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 683 жобаны іске асыру жоспарлануда», - деді Аманғали Бердалин.



