Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыратын агенттіктер қызметі реттелмек

Фото: Оңалхан Өнерхан
Олжас Бектенов қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктер лицензия бойынша жұмыс істеуі керегін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктердің қызметін реттеу мәселесіне Үкімет отырысында назар аударылды.
Премьер-министр мұндай жеке агенттіктердің қызметін қадағалау тетіктерінің жоқтығына баса назар салды. Олардың жауапкершілік параметрлері белгіленбегенін айтты.
Жыл соңына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін лицензиялау бөлігінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленуі қажет, - деді Олжас Бектенов.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:28
Премьер-министр өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді

Бүгін, 10:16
Бектенов әлеуметтік осал топтар тұратын үйлердің тізімін нақтылауды тапсырды

Бүгін, 10:05
Жыл соңына дейін 23 өрт сөндіру депосы салынады

Бүгін, 09:53
Азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек – Бектенов