Азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек – Бектенов

Бүгін, 09:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views52
Азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек – Бектенов
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр телефон және интернет-алаяқтық жағдайлары көбейіп жатқанына және олардың дені шетелдік нөмірлердің және ұлттық жүйемізде тіркелмеген құрылғылардың көмегімен жасалатынына назар аудартты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуі қажет.

Деректер базасынан азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек. Мұндай талап мемлекеттік органдармен қатар, қаржы ұйымдарына, мобильді операторлар мен жеке бизнеске де қатысты болуы тиіс», - деп атап өтті Премьер-министр.

Айта кетейік, бұған дейін 2027 жылға қарай халықтың 100 пайызы интернетпен қамтылатынын жазған едік.