Елімізде 3,4 млн бала жазғы демалыспен қамтылды

24 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде 3,4 млн бала жазғы демалыспен қамтылды
Фото: freepik.com

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев баяндама жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруы бойынша. Биыл бұл бағытта 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь мен 220 қаладан тыс жазғы сауықтыру орталықтары қызмет көрсетуде. Нәтижесінде 3,4 млн баланы қамтыдық. Өзім өңірлерге іс-сапарға шыққанда осы лагерьлерге арнайы соғып, балалардың демалу жағдайлары мен тамақтануының қауіпсіздігін тексеріп жүрмін. Биыл 5 сауықтыру орталықтары ашылды. Жылдың соңына дейін қосымша тағы 27 орталық іске қосылады. Бұның сапасын арттыру мақсатында келесі жылдан бастап бұл қызмет лицензияланады», - деді ол.