2029 жылы қалдықтарды қайта өңдеу 40%-ға жеткізіледі - Ерлан Нысанбаев


Бұл туралы Үкімет үйіндегі баспасөз конференциясында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамада қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға қарай 40%-ға жеткізілетіні көзделгені белгілі. Ерлан Нысанбаев оны жүзеге асыру үшін әзірленіп жатқан «Жол картасы» бойынша қанша жоба іске қосылатыны туралы мәлімет берді.
«Біз 2029 жылға дейін өңдеуді 40 пайызға жеткізу мәселесін шешу үшін 67 жобаны 345 млрд-қа іске асыруға әзірлеп жатырмыз. Жалпы 67 жобаның 41-і - өңдеу жобасы. Бұл арқылы қағаз, пластик, әйнек қайта өңделеді. Өйткені қалдық процесінде ең көп шығатыны - осылар. Жыл аяғына дейін биылғы жоспардағы жобаларды толығымен бастап кетуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде 2029 жылы қатты қалдықтарды қайта өңдеуді 40%-ға жеткізуге деген сенім мол», - деді экология және табиғи ресурстар министрі.