Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тағайындалды
23 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
фото: Elordainfo
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын,- делінген Президент жарлығында
Ол бұған дейін,Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі, Қостанай қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Бүгінге дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.
Ұқсас жаңалықтар