00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басшысы тағайындалды

19 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басшысы тағайындалды
коллаж Elorda.info

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басшысы тағайындалды

Айбол Арғынғазинов Жетісу облысында дүниеге келген.  Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, «Жоғарғы экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қ.) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы болып бастаған, әр жылдары «Қазконтент» АҚ бөлім басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы Хатшылығының сектор меңгерушісі болған.

2022 жылдан Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.