Елорда мәслихатындағы Amanat партиясы фракциясының жетекшісі сайланды
Жиында депутаттық фракцияның жұмысына талдау жасалып, алдағы мақсат пен міндеттер айқындалды.
Отырыста депутаттық фракция мен қалалық филиал арасындағы байланыс тек жиналыстармен ғана шектеліп қоймау керек екені айтылды. Осы мақсатта фракция жұмысын өз деңгейінде ұйымдастыруға баса назар аударылуда. Мәслихат депутаты лауазымы партияластар мен сайлаушылар алдында үлкен жауапкершілік жүктейді. Сол себепті, Саяси кеңес бюросы бекіткен №031 Әдеп кодексінің 9 тармағы негізінде партия мүшесі партиялық тәртіпті сақтауға, қалған партияластарға үлгі болуға міндетті, – деп жазды Б.Жәкенов.
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша жаңа фракция жетекшісі сайланды. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатындағы Amanat партиясы фракциясының жетекшісі болып Азамат Айтхожин сайланды.