Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары тағайындалды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары лауазымына әділет полковнигі Мейрам Абикеев тағайындалды.
Мейрам Жұмкенұлы құқық қорғау органдарында 1989 жылдан бастап Қарағанды қаласының ІІБ Киров ауданының ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастаған.
ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.
Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2024
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
19 қыркүйек, 2024
Жоғары сот кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
17 қыркүйек, 2024
Еліміздің бас санитар дәрігері тағайындалды