00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық Полиция департаментінде кадрлық өзгерістер болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық Полиция департаментінде кадрлық өзгерістер болды

Бұған дейін ол департаменттің Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Эльдар Данияров ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясын бітірген. Ішкі істер органдарында 2000 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан ол, қызмет жолын елорданың Мамандандырылған жол полициясы жеке батальонының аға инспекторы болып бастады.

Сондай-ақ ІІМ бұйрығымен Нұр-Сұлтан қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Жанат Қожахметов тағайындалды. Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қалалық ПД ӨҚБ бастығының орынбасары болған. Қожахметов Жанат Сергеевич Қарағанды заң академиясын бітірген. ІІО-дағы қызметін 2007 жылы Қарағанды облыстық ПД аудандық тергеушісінен бастаған.

Жаңадан тағайындалған жеке құрамға Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Марат Төлебаев бірқатар нақты міндет қойды.