00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Болат Тілепов Президент Әкімшілігіндегі қызметке тағайындалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Болат Тілепов Президент Әкімшілігіндегі қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Анапияұлы Тілепов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – делінген Президент Өкімінде.

Болат Тілепов 1978 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «саясаттанушы, саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001-2005 жылдары «Стратегия» талдау орталығы» қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы кіші ассамблеясы меңгерушісінің міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі.

2008 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2008 жылдан 2013 жылға дейін – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2013-2014 жылдары – «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы.

2014-2015 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары – ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі.

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2019-2020 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2020 жылғы маусымнан бастап қазірге дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.