00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шавкат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шавкат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды

Конституциялық нормаларға сәйкес ОСК мүшесі лауазымына кандидатураны Палатаның төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып, ОСК мүшесі лауазымына Шавкат Өтемісовтің кандидатурасын ұсынамын. Еңбек жолын ауыл мектебінің мұғалімі болып бастады, аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ұзақ жылдар Мәжіліс депутаты болған, заң шығару процесіне белсенді қатысқан. Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеген. Шавкат Өтемісовтің біліктілігі, мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі ОСК жұмысына жаңа серпін беретініне сенімдімін, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.