Ренат Айтаев Палата аппаратының жаңа басшысы болды
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.
Ренат Айтаев 1976 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы бастады.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінде, Кедендік бақылау агенттігінде, Қаржы министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Премьер-министрдің кеңсесінде қызмет атқарды.
2010-2017 жж. – Премьер-министр кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі;
2017-2019 жж. – Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Премьер-министр кеңсесі бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі;
2019 жылы Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» III дәрежелі медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.