00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингілеу бөлімінің бас салық инспекторы болып бастады. Әр жылдары облыстың Салық комитетінде Келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, Жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, Жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды.

2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014-2016 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры болып жұмыс істеді.

Тұрмыс құрған, үш баласы бар.

Экономика ғылымдарының кандидаты.