«Жүрегім бос емес»: Боксшы Төрехан Сабырхан жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді

Бүгін, 11:12
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views51
«Жүрегім бос емес»: Боксшы Төрехан Сабырхан жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді
Фото: Olympic.kz

Ливерпульде өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Төрехан Сабырхан «1001 түн» бағдарламасында жанкүйерлердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама барысында спортшының жеке өміріне қатысты сауал да қойылды. «Қазіргі таңда жүрегіңіз бос па?» деген сұраққа жауап берген Төрехан Сабырхан жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап беруге қысылатынын айтты. 

«Жоқ, бос емес. Маған ұнайтын бір қыз бар» деп қысқа қайырды ол.