Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

5 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты
Фото: x.com/qazaqstyle

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қарашада өткізуді көздеп отыр. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мен АҚШ-қа жол тарттым. Қараша айында шаршы алаңға шығуға дайын боламын. Карлос Адамес үшін әлі де мүмкіндік бар. Егер ол келісім бермесе, мен белбеулерімді басқа қарсыластарға қарсы қорғаймын. Адамес пен оның командасына айтарым: уақыттарың аз қалды!», - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Боксшы жанкүйер сұрағына жауап бере отырып, қарашаның басында жекпе-жек өткізгісі келетінін нақтылады.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясы Қоғамдық ойын-сауық басқармасының басшысы Турки Әл аш-Шейх дәл осы жекпе-жекті Эр-Риядта ұйымдастыруға тырысқан еді. Алайда Адамес тарапынан келісім болмағандықтан, жоспар жүзеге аспай қалды.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен чемпиондық титулдарды біріктіруді мақсат етіп отыр. Егер келіссөз сәтсіз аяқталса, қазақстандық чемпион басқа қарсыласпен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.