00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жәмилә Бақбергенова Мажарстанда чемпион атанды

17 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жәмилә Бақбергенова Мажарстанда чемпион атанды
Фото: дереккөз

Астаналық спортшы Жәмилә Бақбергенова Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан күрес түрлерінен төртінші рейтингтік турнирде топ жарды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Отандасымыздың (72 кг) салмағында балуандар аз болғандықтан бәрі айналмалы жүйе бойынша күресті. 

Ж.Бақбергенова әуелі Италия балуанын, сосын екінші белдесуінде канадалық балуанды ұтты. Үшінші белдесуінде моңғолиялық Энхамарды 4:2 есебімен қапы қалдырды. Ал финалда алғашқы белдесуінде жеңген италиялық Далма Ганеваны 3:1 есебімен тізе бүктірді.