00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Владимир Седовтың қазасына орай марқұмның отбасына 5 млн теңге көмек беріледі

28 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Владимир Седовтың қазасына орай марқұмның отбасына 5 млн теңге көмек беріледі

Қазақстан чемпионы Владимир Седовтың қазасына орай ауыр атлетика федерациясы марқұмның отбасына 5 млн теңге көмек берілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол бала кезінен қазақстандық спортқа берілген. 2008 жылғы олимпиадада 84 келіге дейінгі санатта төртінші орын иеленді. Үздік жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.ҚР Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына бес миллион теңге көлемінде көмек көрсетеді, сондай-ақ ұлын тәрбиелеуде қажетті қолдау жасайды, - делінген федерация мәлімдемесінде.

Федерация спорт ардагерлерін қолдау жөніндегі бағдарлама әзірлемек. Осылайша мұқтаж ауыр атлеттерге қажетті көмек көрсетіледі. Биыл осы бағдарлама бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдауға демеушілік қаражат есебінен 10 миллион теңге бөлінеді.

Еске сала кетейік, 27 маусымда ауыр атлет Владимир Седовтың ауылдағы өз үйінен өлі күйінде табылған еді.