Теннистен Билли Джинг Кинг кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Фото: ktf.kz
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйекте теннистен Билли Джин Кинг кубогының қорытынды кезеңі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында үшінші рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде ойнайды.
Қазақстандықтар 18 қыркүйек күні ширек финалда АҚШ құрамасымен сынға түседі.
Аталған турнирде Қазақстан намысын мына теннисшілер қорғайды: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Жібек Құламбаева. Құрама капитаны Юрий Щукин.
АҚШ құрамасы: Джессика Пегула, Мэдисон Киз, Эмма Наварро, Хейли Баптист, Тейлор Таунсенд. Команда капитаны Линдси Дэвенпорт.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:12
Азия ойындары: Ұлттық құрама жағажай волейболынан іріктеу сайысында жеңіске жетті

20 қазан, 2025
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды

20 қазан, 2025
Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20 қазан, 2025
Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант берді