Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетеді

Бүгін, 17:25
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views48
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетеді
Фото: Қазақстан теннис федерациясынан

Қазақстандық жасөспірімдер Филиппинде 14 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында басталған Азия чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан намысын Асқар Әмір, Ясмин Дүйсембаева және София Малышева қорғайды. 

Қазақстандық жасөспірімдер 2025 жылы табысты өнер көрсетулерінің нәтижесінде аталмыш жарысқа Азия теннис федерациясынан (АТФ) шақырту алды.

Бұл турнирдің маңыздылығы сол, жеңімпаздар алдағы жылы Аустралия ашық чемпионатының екінші аптасында өтетін Elite Junior Trophy 14 & Under жарысына жолдама алады.

Айта кетейік, қазақстандық жасөспірімдер осыған дейін Elite Junior Trophy 14 & Under шеберліктерін таныта білді. Альбина Кәкенова 2023 жылы, Ева Корышева 2024 жылы финалға дейін жетті. 2025 жылы Родион Трайгель тәжірибе жинақтап қайтты.