Теннисші Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
11 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Д.Попко бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді.
Дмитрий Попко жекелей сында аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды – 6:4. Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды – 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді – 3:6. Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады