Tassay Open 3х3: Конституция күніне орай елордада баскетболдан жарыс өтті

24 тамыз, 2025
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
views77
Tassay Open 3х3: Конституция күніне орай елордада баскетболдан жарыс өтті
Фото: Ришат Иркабаев

Астанада Олимпиада бағдарламасына енгізілген 3х3 баскетболдан дәстүрлі бәсеке ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жастарға жақын таныс «Самал» шағын ауданындағы ойын алаңы 23-24 тамыз күндері тартысқа толы болып, жарқын эмоциялар сыйлады. Себебі 2 күнде баскетбол 3х3-тен U14, U16, U18 санаттары бойынша және ересектер арасында  жеңімпаздар анықталды.

«Дәл қазіргі сәтте жастардың арасында дәл осы көше баскетболы танымалдыққа ие. Сұраныс болғандықтан, дәл осы спорт түрінен бәсекені өткізуге жөн көрдік. Нәтижесінде барлық жас санаты бойынша 75 команда жиналды. Бұл жерде ұлдармен қатар, қыздар арасында да жүлдегерлердің есімі белгілі болды», - деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Магзум.

Жарыс соңында жүлдегерлер арнайы кубок пен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, дәл осы турнир маусым айының соңында да өткізілген болатын.