Шахматтан әлем чемпионаты: Ян Непомнящий қытайлық қарсыласын жеңді
11 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Ресейлік Ян Непомнящий Астанада өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың екінші партиясында жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Оның қарсыласы, қытайлық Дин Лижэнь 29 жүрістен кейін беріле салды.
Қара түсті фигуралармен ойнаған Непомнящий 1,5-0,5 есебімен серияда алға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жектің бірінші партиясы тең аяқталған болатын.
Бүгін гроссмейстерлер демалады. Әлемдік шахмат тәжі үшін матч 12 сәуір күні, сәрсенбіде жалғасады.
Ереже бойынша, шахматшылар жалпы саны 14 партия ойнайды. 7 ұпайдан артық жинаған спортшы әлем чемпионы атанады. Ұпай саны тең болған жағдайда қосымша партиялар болады.
Ұқсас жаңалықтар
24 қараша, 2024
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
24 қараша, 2024
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
24 қараша, 2024
«Астана» мен «Челси» матчының билеттерін қашан сатып алуға болады
24 қараша, 2024
Жандос Қиянов: Париж Паралимпиадасына қатысқан біршама спортшыларға демалыс бердік